Жаңалықтар
1 мин оқу 130

Астанада Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумы өтеді

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан–Өзбекстан бизнес форумы болады, деп жазады palata.kz. Бизнес форум аясында В2В форматында кездесу ұйымдастырылады, сондай-ақ Өзбекстанның өнеркәсіп және тұтыну тауарларының көрмесі өтеді. Шара аясында екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірқатар келісім мен келісімшарттарға қол қою жоспарланған. Өзбекстан делегациясы құрамында жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік, машина жасау, электротехника, химия, фармацевтика, құрылыс материалдары, тау-кен, мұнай-газ өнеркәсібі салаларындағы компаниялар болады.
Бөлісу:
Астанада Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумы өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар