Жаңалықтар
1 мин оқу 195
Әкімдік пен бизнестің әріптестік байланысы
Мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында елімізде бүгінге дейін 335 жоба жүзеге асқан. «Бұл бағыттағы заңдарға толықтырулар мен өзгертулер енгізілді, соның нәтижесінде құжаттар қарау мерзімі үш есеге дейін қысқарды. Ведомствоаралық жоба тобына жаңа міндеттер жүктелді, енді кейбір сараптаманы банктер де жүргізе алады», − деді Атырауда өткен семинарда «Қазақстанның мемлекет-жекеменшік әріптестігі орталығы» АҚ вице-президенті Айдос Көбетов.
Аталған әдісті дамытуда Елбасы тапсырмасына орай мұнайлы өңірде екі жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр. Олар: облыс орталығындағы «Балықшы» шағын ауданында 160 орындық балабақшаны жаңғырту және Ақсай ауылында дәрігерлік амбулатория салу. Ал облыс әкімінің орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың айтуынша, Атырау қаласында 20 балабақша, 8 мектеп, 1 дәрігерлік амбулаторияны мемлекет-жекеменшік әріптестігі жүйесі негізінде іске асыру жоспарда бар.
Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ
Бөлісу: