Жаңалықтар
1 мин оқу 253
Қоршаған орта қорғауға зәру
Ағымдағы жылдың 20 наурызы мен 8 сәуірі аралығында Ақмола облысында әлеуметтік-экологиялық «Эко Болашақ» жобасы басталады. Осыған орай Энергетика министрлігінің қолдауымен «Agripp Business Group» компаниясы қазақстандық орта білім беретін мектептердің оқушылары арасында макулатура жинаудан жалпыреспубликалық акция өткізеді.
Бұл акция «Эко Болашақ» әлеуметтік-экологиялық жобасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Жоба еліміздің барлық мектептерін қамтыған 2 миллионға тарта оқушыға бағытталған. «Әрбір өткізілген бір кило макулатурадан түсетін бес теңге церебралды сал ауруымен ауыратын балаларға көмек көрсететін «Қасиетті Жол» қайырымдылық қорының есеп-шотына аударылады. Макулатурадан түскен табыс білім мекемелері үшін шаруашылық заттарын, тыңайтқыштар мен тұқым сатып алуға жұмсалады», дейді «Эко Болашақ» жобасын дамыту жөніндегі директор Стас Мельников.
Оның пайымдауынша, ең басты мақсат – жастарды тәрбиелеуді ынталандыру, оларды жауапкершілікке үйрету. «Осы жобаның көмегімен балалардың бойында табиғатпен өзара байланыс бар екендігін, соның негізінде өскелең ұрпақтың экологиялық көзқарасы мен мәдениетін қалыптастыру көзделген. Бұл адамның қоршаған ортаға және денсаулығына деген жауапкершілігін тудырады», дейді директор.
Жалпы, «Эко Болашақ» жобасы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ. Оны ұйымдастырушылар акцияның жалпы, ұлттық сипат алып, ел азаматтарын қоршаған ортаны күтуге және балаларының экологиялық болашағын қамтамасыз етуге үйретеді деген сенімде.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы
Бөлісу: