Жаңалықтар
1 мин оқу 133
Балқашпен әуе қатынас қайта ашылды
Балқаш әуежайы жанданды. Наурыз айының 26-нан бастап Астана, Алматы бағыттарына әуе көлігімен қатынауға болады, деп жазады orken-media.kz.
Осыдан 3 ай бұрын тоқтап қалған ұшақтар қайта жұмыстарына кірісті.
Ал рейс кестесіне келетін болсақ, Балқаш-Астана, Балқаш-Алматы бағытындағы ұшақ аптасына 4 рет дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшады. Бекітілген уақыт бойынша ұшақ Балқаштан елордаға сағат 11.15 ұшса, сағат 15.45 оңтүстіктік астанаға бағыт алады. Билет құны бұрынғыша екі қалаға да 14 000 мың теңге.
Бөлісу: