
19 наурыздан бастап қаланың үш ауданында отандық тауар өндірушілердің қатысуымен апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Шаралар қара күзге дейін жалғасады, деп хабарланды Астана әкімдігінің ресми сайтында.
Онда негізгі азық-түлік өнімдерінің 25-тен аса түрі ұсынылады жəне тауарлар қала нарығындағы бөлшек сауда бағаларынан төменірек бағада сатылатын болады. Жәрмеңкелер апта сайын таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін Сауран к-сі, 7, Абылай хан даңғылы, 20а, Қосшығұлұлы к-сі, 16 мекенжайларында өтеді.