Жаңалықтар
1 мин оқу 175

ШҚО-да бұрқасыннан көлік қозғалысы тоқтатылды

241116-zhol Төтенше жағдай қызметі бүгін, түстен кейін  бұрқасынға  және жолдың нашар көрінуіне байланысты республикалық маңыздағы  Өскемен- Шемонаиха- РФ шекарасы күре жолының учаскесінде -108-123 км (Шемонаиха-РФ шек.) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылғандығын мәлім етті. Қазір аймақта термометр бағаны 10 градус суықтықты көрсетіп тұр. Бұрқасын тұрып, ұйытқыған желдің жылдамдығы секундына 15 метрге жетті. Ал түнге қарай желдің екпіні 28 метр секундқа күшейеді, деп хабарлады «Казахавтодор» РМК.
Бөлісу:
ШҚО-да бұрқасыннан көлік қозғалысы тоқтатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар