Жаңалықтар
1 мин оқу 145

Азаматтық – абыройлы мәртебе

Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқа­лы­қованың басшылығымен Қазақстан Президенті жа­нындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Басқосуда Қазақстан аза­мат­тығына қабылдау және шы­ғару мәселелері қаралды. Жиында Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Тәуел­сіз­дік алған кезден бастап Қазақ­станның азаматы болуға тал­пынған адамдардың саны үнемі өсуде екендігін атап өтті. Оның айтуынша, Тәуелсіздіктің 25 жы­лында елімізге 983 мың 733 азамат келген. Бұл дерек Мемлекет басшысының парасатты басшылығы арқасында өсіп-өркендеген еліміздің әлеу­­меттік-экономикалық же­тіс­тіктерін, орнықты дамуын, ұлтаралық келісім мен тұ­рақтылықтың берік ор­нағанын айқындай түседі.

– Ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығы қарсаңында көп­теген адам Қазақстан аза­мат­ты­ғын алғалы тұр. Біз олар­ға бақытты өмір және Отаны­мыздың игілігі үшін табыс­ты қызмет етуін тілейміз. Олар­дың тәуелсіз Қа­зақ­стан­ның лайықты азаматы бола отырып, оның әрі қарай дамуы­на өз үлестерін қоса­тынды­ғына сенім білдіреміз, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Айта кетейік, Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назар­баев тиісті Жарлыққа қол қой­ғаннан кейін жақын және алыс шетелдерден келген әртүрлі ұлттың 622 өкілі Қазақ­стан азаматы атанатын болады.

Жиын қорытындысында тиісті шешімдер мен ұсы­ным­дар қабылданды.

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Азаматтық – абыройлы мәртебе · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар