Жаңалықтар
1 мин оқу 210

Air Astana рейстердің тоқтатылу себебін түсіндірді

«Air Astana» әуе компаниясының баспасөз қызметі рейстердің тоқтатылуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». «Бұл рейстер бұған дейін тоқтатылған. Жолаушылар жоқ. Рейстерді тоқтату тіркеу кестесін оңтайландыру үшін белгілі уақытқа ғана жасалған. Бұл уақытша», – деді «Air Astana»  компаниясының қоғаммен байланыс менеджері  Тілек Абдрахимов. Айта кетейік, Алматы халықаралық әуежайында Air Astana әуе компаниясының бірнеше рейсі тоқтатылғаны туралы хабарланған болатын.  
Бөлісу:
Air Astana рейстердің тоқтатылу себебін түсіндірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар