Жаңалықтар
1 мин оқу 262

Алматыда «Еуразия Барысы» басталды

eurasia-barysy Бүгін «Алматы Арена» стадионында қазақ күресінен Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі басталды. Осымен төртінші рет өткізіліп отырған жарысқа 8 мемлекеттен балуандар келді. Қазақстан командасы алғашқы айналымда Польша мемлекетінің балуандарымен кездеседі. Ел намысын мына балуандар қорғайды: 55 келі: Марат Нығыматұллаев 60 келі: Ержан Мағауинов 66 келі: Бақдәулет Сәбитов 74 келі: Aйдос Ғалымов 82 келі: Дәулет Пахриддинов 90 келі: Айбол Айтбек 100 келі: Мұхит Тұрсынов + 100 келі: Айбек Нұғымаров
Бөлісу: