Жаңалықтар
1 мин оқу 170

Маңғыстауда дауылды ескерту жарияланды

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті дауыл жөнінде ескерту жариялады.

«Маңғыстау облыстық «Қазгидромет» РМК-дан алынған телефонограммаға сәйкес, барлық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына, мекемелер мен кәсіпорындарға дауылды ескерту жөнінде ақпарат жолданды. Абай болыңыздар», - деді Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз-қызметінің маманы.

Мәліметтерге сәйкес, бүгін түнде Маңғыстау облысының жекелеген аумақтарында жаңбыр жауып, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықтағы жел күтіледі.

 

Бөлісу:
Маңғыстауда дауылды ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар