Жаңалықтар
1 мин оқу 154

Астана-Теміртау жолы іске қосылды

Отандық кәсіпкерлердің төл мерекесі - Индустрияландыру күніне орай ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Жалпыұлттық телекөпір барысында Астана-Теміртау жолының 169 шақырымы толықтай аяқталып, көлік қозғалысына рұқсат етілді.

«Астана-Теміртау жолы бірінші техникалық санат нормативтерімен салынды. Оның өткізу қабілеті тәулігіне 6-дан 28 мың көлікке дейін ұлғайтылды. Құрметті Елбасы! Астана - Теміртау және Алматы - Қапшағай тас жолдары іске косылуға дайын. Қозғалысты бастауға рұқсат сұраймыз!» - деді Е. Қизатов.

«Алдымыздағы 5 жылдың ішінде дәл осындай 7 мың шақырым жол салсақ, сонымен қатар темір жолдар желісін кеңейтсек, бұл елімізге өте пайдалы әрі экономиканы ары қарай өркендетеді. Осының барлығы - мемлекеттің атқарып жатқан шаруасы. Сондықтан сіздер - еліміз үшін негізгі істі жасап жатқан адамдарсыздар. Осы бағытта бөлінген қаражатты мұқият пайдаланып, елімізде ең жақсы жолдарды салуға қызмет етіңіздер», - деді Президент телекөпірге қатысушыларға. Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміздің «Нұрлы жол» бағдарламасы қазіргі дағдарысқа қарсы үлкен жоба болып саналатынын еске салып өтті.

Бөлісу:
Астана-Теміртау жолы іске қосылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар