Жаңалықтар
1 мин оқу 168

Елбасы Атырау облысына келді

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді. Қазір  мұнай-газ өнеркәсібінің өкілдерімен кездесуі басталды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы туралы баяндады. Сондай-ақ, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев еліміздегі мұнай-газ өнеркәсібінің өркендеу барысы туралы айтты.

Сапар аясында мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы ірі жобалар телекөпір арқылы таныстырылады деп жоспарланған.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Бөлісу: