Үкімет
1 мин оқу 130

Астанада Стартап-хаб құру мәселесі Үкіметте қаралды

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясында Астанада Стартап-хаб құру мәселесі жөнінде кеңес өтті.

Астанада Стартап-хаб құру мәселесі Үкіметте қаралды

Кеңес барысында Астана Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) аясында ЭКСПО-2017 нысандарының бірінің негізінде Халықаралық ІТ-стартаптар технопаркін құру бойынша Жол картасының мәселелері талқыланды.  

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, Стартап-хаб құру "Цифрлы Қазақстан" жобасына енгізілген.

Бөлісу: