Әлем
1 мин оқу 154
Қытайда және Түркияда жер сілкінді
Түркияның Маниса провинциясының аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Reuters.

5,1 магнитудалық жерасты дүмпуі Саруханлы ауданында 10 км тереңдікте болған.
Зілзала көршілес қалаларда да сезілген.
Сондай-ақ, «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 425 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында да жер сілкінгенін тіркеген.
28 мамыр күні 03 сағат 39 минутта тіркелген жер сілкінісінің Магнитудасы MPV 4.7. Тереңдігі 5 км.
Алдын ала мәліметтер бойынша, екі ел тұрғындары арасында жер сілкінісінің салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу: