Жаңалықтар
1 мин оқу 180

Қазақ - қашанда қазақ

Қазақ - қашанда қазақ

Дүние түлкідейін бұлаңдаған,
Құбылып өзгереді мынау ғалам.
Отыз күн оразасын тұтып дәйім,
Қазағым күдер үзбес бір Алладан.
Құдайсыз қазақ, сірә, жан баға ма?
Төсейді жайнамазын сар далада.
Қалада, қан базардың ішінде де,
Алаштың жары жалғыз Алла ғана.

Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Қазақ - қашанда қазақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар