Қазақстан
1 мин оқу 140
Қазақ – қашанда қазақ! (28.06.2017)
Ежелден асыл сөзін тасқа басқан, Қазағым келе-келе баспа да ашқан.


Ежелден асыл сөзін тасқа басқан,
Қазағым келе-келе баспа да ашқан.
«Түркістан уәлаяты», «Айқап», «Қазақ»,
«Ұшқыннан» – «Социалистік Қазақстан».
Баспасөз – басты сөзі берен елдің,
Әлемге айтарым көп, өнегем – мың.
Қаламын нұрға малған маржан сөзді
Бетінен оқиды жұрт «Егеменнің»!..
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»
Жобаның жүргізушісі Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»
Бөлісу: