Парламент
1 мин оқу 126

Сенат депутаттары ЕКПА отырысына қатысты

Сенат депутаттары Рашит Акимов, Асқар Бейсенбаев және Али Бектаев Страсбургте Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясына қатысты, деп хабарлайды Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Сенат депутаттары ЕКПА отырысына қатысты

ЕКПА сессиясының күн тәртібіне Беларусьтегі ахуал, сыбайлас жемқорлық және оған парламенттік бақылаудың проблемалары, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерге саяси ықпал тәрізді мәселелер енгізілген. Еуропа Кеңесі мүшелері Еуропадағы босқындар дағдарысы мәселелерін талқылады. Парламенттік Ассамблея, сондай-ақ адам құқықтары жөніндегі соттың шешімдерін орындау барысын қарады.

Сапар барысында қазақстандық сенаторлар өздерінің еуропалық әріптестерімен кездесті.

Бөлісу:
Сенат депутаттары ЕКПА отырысына қатысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар