Қазақстан
1 мин оқу 430
Қазақстанның абырой-беделі арта берсін!
Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Түркі әлемінің ақсақалы – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні және Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Биылғы жыл – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің өтуіне байланысты Астана үшін ерекше жыл. ЭКСПО көрмесіндегі Түркияның павильоны – ең үлкен және әдемі павильондардың бірі. ЭКСПО ғимараттарының құрылысына қазақ бауырларымызбен бірге түрік құрылысшыларының да сіңірген еңбегі орасан зор.
Сонымен қатар, биыл дипломатиялық қарым-қатынастарымыздың орнағанына 25 жыл толды. Астананың көркейіп, Қазақстанның халықаралық аренада абырой-беделінің арта беруін тілеймін. Астана күні құтты болсын!
Невзат УЯНЫК,
Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі
Бөлісу: