Жаңалықтар
1 мин оқу 191
Астанада көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Астанада Бөгенбай батыр даңғылы бойынша көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.

«Бөгенбай батыр даңғылы бойынша (Уәлиханов көшесінен Алаш тас жолына дейін) №2 өтпежолдың деформациялық жігін ауыстыру жұмыстарының жүріп жатуына байланысты 7-27 шілде аралығында көлік қозғалысы ішінара шектеледі», - делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына жол кептелісіне тап болмас үшін маршруттарын алдын ала жоспарлау ұсынылуда.
Бөлісу: