Жаңалықтар
1 мин оқу 336

Балаларға кітап сыйлады

Қазақстан халықаралық «Бола­шақ» стипендиаттарының Батыс Қазақстан облысындағы филиалы облыстың ең шалғай ауданының оқушыларына сыйлық жасады. Бөкей ордасы ауданының Сайқын және Хан ордасы ауылдарындағы балалар кітапханасына түрлі жанр­дағы 60 кітапты тарту етті. «Бола­шақ» стипендиаттарының батысқа­зақ­стандық көшбасшысы Ілияс Омаровтың айтуынша, бұл – ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығына орай ұйымдастырылған «Балаларға кітап сыйла» акциясының шеңбе­ріндегі алғашқы шара. Аталмыш филиал ағымдағы жылдың 28 наурызында құрылған болатын. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дің тарихи-өлкетану мұражайында өткен кездесуде Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі көркем әдебиет­тің, ғылыми-фантастикалық шығармалар мен оқу-әдістемелік құралдардың жаңа оқу жылында ауыл балаларының айнымас серігіне айналарына сенім білдірді. Динара ЕСЕНТАЕВА. Батыс Қазақстан облысы.
Бөлісу:
Балаларға кітап сыйлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар