Бокс
1 мин оқу 254
Қанат Ислам WBA рейтингінде екінші орынға көтерілді
Бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат "QAZAQ" Ислам (24-0, 19 КО) Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінде екінші орынға көтерілді, деп жазды Vesti.kz.

Отандасымыз өткен айдың қорытындысы бойынша үшінші орында тұрған болатын. Жаңартылған рейтингте Қанат Ислам бұл тұжырымның уақытша әлем чемпионы аргентиналық Карлос Брайан Кастаньодан кейінгі екінші орынға жайғасты.
Жартылай орта салмақта жұдырықтасып жүрген отандасымыз Жанқош Тұраров (21-0-0, 15КО) 10-орыннан көрінді.
Естеріңізге сала кетсек, Қанат Ислам өзінің келесі кездесуін канадалық Брэндон Кукке қарсы өткізеді. Жекпе-жек 9 қыркүйек күні Астана қаласында өтеді.
Бөлісу: