Жаңалықтар
1 мин оқу 255

АҚШ өкілімен кездесті

Кеше Ақорда резиденциясында Президенттің көмекшісі – Қауіп­сіз­дік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәк­с­тан елдері жөніндегі арнайы өкілі Марк Гроссманмен кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Кеннет Фэйрфакс қатысты. Тараптар келіссөз барысында өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандырудың ерекше маңызды екендігі атап өтілді. «Егемен-ақпарат».
Бөлісу:
АҚШ өкілімен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар