Қазақстан
1 мин оқу 340

«Казахстанская правда» басылымына бас редактор тағайындалды

«Казахстанская правда» газетінің бас редакторы лауазымына Асыл Сағымбеков тағайындалды. Бұл туралы kazpravda.kz хабарлады.

«Казахстанская правда» басылымына бас редактор тағайындалды

Ол осыған дейін «Вечерний Алматы» басылымының бас редакторының орынбасары қызметін атқарған болатын. Сонымен қатар әртүрлі жылдары «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің, «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі, «Труд» басылымдарында жұмыс істеді.

Ал «Казахстанская правда» газетінің бұрынғы бас редакторы Татьяна Костина зейнетке шықты.

Бөлісу:
«Казахстанская правда» басылымына бас редактор тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар