Білім
1 мин оқу 164

Астана мектептерінде оқу маусымы 2 қыркүйекте басталады

Елордада жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанат 2 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Астана қалалық Білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова хабарлады.

Астана мектептерінде оқу маусымы 2 қыркүйекте басталады

«Бірінші қыркүйек — Білім күні еліміздегі Құрбан айт мейрамына сәйкес келуіне байланысты, мектептердегі 2017-2018 оқу жылына арналған салтанатты шара 2 қыркүйекте өтеді. Қалалық мектептерде оқу үрдісі өзгеріссіз осы күні басталады. Колледждерде сабақ 18 қыркүйекте басталады», — деп жазды баспасөз хатшысы Фейсбуктегі парақшасына.

Бөлісу:
Астана мектептерінде оқу маусымы 2 қыркүйекте басталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар