Әлем
1 мин оқу 303

АҚШ-та Күн толықтай тұтылды. Ол қалай көрінді?

Кеше, шілденің 21-і Америка Құрама Штаттары тұрғындары Күннің толық тұтылуына куә болды деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-та Күн толықтай тұтылды. Ол қалай көрінді?

Айдың Күн бетін толықтай жабуы 99 жылдан бері болмаған құбылыс. Ол батыстағы Орегоннан шығыстағы Оңтүстік Каролинаға дейін аралықтағы 14 штатқа, ондағы миллиондаған адамға көрінді. Табиғи құбылысты елдің басты телеарналары және NASA сайты тікелей трансляция арқылы көрсетті. Ұйымның арнайы жабдықталған ұшағы Тынық мұхит жағалауы бойымен ұшып, толық тұтылу аймағына кірді.

АҚШ-тың кей аудандарында Ай Күннің бетін екі минут тұтастай жапты. Орегон штатындағы Мадрас қаласын қаратүнек басты. Бұл қалашықта жеті мың адам тұрса, сирек табиғи құбылысын өз көздерімен көру үшін онда жүз мыңнан аса адам келді.

Оқиғаны Ақ үйден АҚШ президенті Дональд Трамп отбасымен тамашалады.

Бөлісу:
АҚШ-та Күн толықтай тұтылды. Ол қалай көрінді? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар