Бокс
1 мин оқу 232

Мейвезер мен МакГрегор салмақ өлшеу рәсімінен өтті

<p>Лас-Вегастағы&nbsp;T-Mobile Arena-да&nbsp;Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімі өтті.<br /> &nbsp;</p>

Мейвезер мен МакГрегор салмақ өлшеу рәсімінен өтті

МакГрегор 69,4 келі көрсетсе, Мейвезер бірінші орта салмақтағы лимитке де жете алмай, 67,8 келі көрсетті. Енді МакГрегор тағы шамамен 7-8 келі салмақ қосады. Ал Мейвезердің айтуынша, жекпе-жекте салмақпен жеңіске жетпейді.

Америкалық боксшы Флойд Мейвезер мен UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор жекпе-жегі 26 тамызда Лас-Вегаста өтеді. Қазақстанда бұл кездесуді "Хабар" телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Бұл туралы телеарнаның сайтында жазылған. Трансляция 27 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 08.00-де басталады. 

Бөлісу:
Мейвезер мен МакГрегор салмақ өлшеу рәсімінен өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар