Әдебиет
2 мин оқу 452

«Мені ел қатарына қосқан – «Еңбекшіл қазақ»

<p>Шиеліге үлкен жолдан кіре берісте көпір бар. Сол көпірдің оң жақ қапталында қорым жатыр. Мұнда қазақтың қабырғалы қаламгері, жазушы, аудармашы Қалмақан Әбдіқадіров мәңгілік мекенін тапқан. Әр өткен сайын қазақты &laquo;Мың бір түнмен&raquo; таныстырған, табыстырған қаламгердің рухына дұға оқып, бет сипаймыз. Жазушы 1964 жылдың 30 сәуірінде дүниеден озды. Жалғаннан өтерінен үш күн бұрын соңғы хатын жазыпты. Бұл хатты аудандық &laquo;Өскен өңір&raquo; газеті 1999 жылы 11 желтоқсанда жариялаған. Қалмақан Әбдіқадіров соңғы хатында не депті? Соны оқырман назарына ұсынып көрейік.</p>

«Мені ел қатарына қосқан – «Еңбекшіл қазақ»

«Он екі жасымнан кім көрін­ген­ге жалданып, не­ше жыл қаң­­ғырып, азап ше­гіп өскен жетім едім мен. Өмір талқы­сын көп кө­ріп, қатыгез заманның зар­дабын мол шектім. 

Менің ел қатарына қо­сы­­­луыма, жетім тұр­мыс­­тан жетіккен өмір­ге көшуі­ме себепкер бол­ған, мерейім­ді үс­тем етіп, өзімді биік бас­­қышқа көтерген – «Еңбек­шіл қазақ», қазір­гі «Социалистік Қа­­зақ­стан». Осы коллективте жү­ріп творчестволық жұ­мыс­қа жолдама алдым. Қазақстанның көрнекті жазушылары Сәкенмен, Бейімбетпен, Ілияспен, Сәбит­пен, Ғабитпен, Ғаби­денмен мен сол редакцияда дидарласқан едім. Жазушы деген ха­лық­ты мейлінше кіші­пейіл болуға ша­қыра­тын осы газет еді.

Адам қиналған шақта өткен өмір жолын, тірші­лік­тегі дос­тары мен дұш­пан­дарын көз алдына елес­тетіп, өміріне өшпес із қал­­дыр­ған коллективін қи­­май­ды екен. Бүгін мен де сон­дай хал­де­мін...

Мен қазір ажал төсе­гін­­демін. Рак деген бір кесел алды-артыма қаратпай тойымсыз ажалдың аранына тастап жібергелі тұр. Ен­дігі өмірімді сағат­тармен ғана санап жатырмын. Биылғы 1 май мейрамына жетер-жетпесім нәгүмән.

Ойларым, жоспарым көп еді. Қай­тейін... «Қал­ма­қан сасай тартты» деген сын сөздер мені тол­ғандырмай жүрген жоқ еді. Сыр елін, өзімнің сүйікті жерімді байыптап, зерт­теп, оның ұлылығын қа­ғазға түсірсем деп жү­ретінмін. Соңғы 7-8 жыл бойы ішіме дерт айналды да бойкүйез қалыпқа түс­тім. Қаламым суып қалды. Ақыры келіп мынадай ауруға жолықтым.

Жоспарым көп, іздені­сім аз. Көп өмірім «Мың бір түнге» сар­қы­лып болды.

Одан басқа сүйекті шы­­ғар­­ма­ларым деп «Қа­жы­­­мұ­­қан» мен «Келес қы­зын» және әр жылдары жаз­ған өлеңдерімді ғана айта аламын...

Қош болыңдар. Өмір­ге, бүгін­гі ұрпаққа қарыз­дар боп кетіп ба­рамын.

Қалқаман Әбдіқадіров.
27 сәуір, 1964 жыл. Шиелі».

Жазушының жан сы­ры осындай. Қалмақан Әб­діқадіров өзі айт­қан­дай тағдырдың қатал тар­туын буыны қатып, бұ­ғанасы бекімей жатып-ақ көрген. Жалданып жүріп жан баққан. Біреудің есі­гін күзетіп жүріп кү­нел­ткен. 22 жасында «Ең­­­бек­шіл қазақтың» та­бал­­­дырығынан аттай­ды. Он­да да бірден жур­на­листік қыз­метке қабыл­данбаған. Тіпті, кор­рек­тор да болмаған. Бар-жо­ғы көшірлік жұмыс істе­ген. Яғни, ат айдаушы бол­ған. Ең алғашқы өлеңі «Сыр­дария» осы басылым бетінде жарияланған. Жоғары­дағы хатында айт­қан­дай, сонан кейін барып қана шығар­машылық жұмысқа жолдама алыпты. Ажалмен бетпе-бет ке­ліп, әзірейіл періштенің демін жан-­тәнімен сезген қаламгер өзін қатарға қосқан ұжымын есі­не алып, қимай қоштасып, ті­­зе қосып бірге жұмыс іс­те­ген әріп­тестерінің бей­не­сін санасында және бір жаң­ғыртыпты-ау.

Қазақ әдебиеті мен ру­­ханиятына өлшеусіз үлес қосып, артында өш­­пес із қалдырса да жа­зу­шының өз-өзіне көңі­лі толмағанын, әлі де атқа­рылар талай жоспары болғанын хат­тан анық байқаймыз. «Бір кем дүние» дегеніңіз осы ғой...

Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы

Бөлісу:
«Мені ел қатарына қосқан – «Еңбекшіл қазақ» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар