Қазақстан
2 мин оқу 504

Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

<p>Кеше Астанада ЭКС&shy;ПО-2017 халық&shy;аралық ма&shy;ман&shy;&shy;дандырылған көрме ая&shy;сын&shy;да ұйымдас&shy;тырылған то&shy;ғыз&shy;құмалақтан IV әлем чем&shy;пи&shy;онатының ашылу салтана&shy;ты өтті. Төртінші рет ұйым&shy;дас&shy;тырылған байрақты бәсекеде әлем&shy;нің 25 елінен 70-тен астам спорт&shy;шы өздерінің бақтарын сы&shy;науда. Халықаралық турнир Дү&shy;ниежүзілік тоғызқұмалақ феде&shy;рациясы, Қазақстан Рес&shy;пуб&shy;ликасы Мәдениет және спорт министрлігі және Астана қа&shy;л&shy;асы әкімдігінің мұрындық бо&shy;луымен өткізіліп жатыр.</p> <div>&nbsp;</div>

Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

Жарыстың ашылу салтана­тына Дүниежүзілік тоғыз­қ­ұ­малақ федерациясының пре­зиденті Әлихан Байменов, Қазақ­стан Республикасы Мә­де­ниет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру іс­тері комитетінің төрағасы Ел­сияр Қанағатов қатысып, то­ғызқұмалақшыларға сәттілік ті­леді.

Әлихан Байменовтің ай­туын­ша, елімізде то­ғыз­құ­малақпен айналысатын­дар­дың қатары артып келеді. «То­ғызқұмалақтан Алматыда өт­кен тұңғыш республикалық сай­ысқа төрт-ақ адам қатысса, бү­гінгі күні аталған спорт түрімен айналысатындардың саны 200 мыңнан асқан. Соның ішінде тоғыз мыңға жуық спортшы тоғызқұмалақпен кәсіби түрде айналысады», деді ол.

Сондай-ақ, тоғызқұма­лақ­пен айналысатын шетелдік спорт­шылардың да қатары өсу үс­т­інде. Оның дәлелі ретінде би­ылғы әлем біріншілігіне Аус­трия, Камерун, Польша және Ук­раина елдерінің спортшылары тұңғыш рет қатысып жатса, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан және тағы басқа мемлекеттің спортшылары тоғызқұмалақтан әлем чемпионатына тұрақты түрде қатысады.

Чемпионат ерлер және әйел­дер арасында жеке-жеке классика, рапид, блиц бойынша өту­де. Сондай-ақ, биыл әлем чем­пионатының тарихында ал­ғаш рет жұптық командалық жа­рыс өткізілмек. Оған әр мемле­кеттен бір ер және бір әйел адам қатысады.

Тоғызқұмалақтан әлем чем­пи­онатының мақсаты – қа­зақ­тың ұлттық зияткерлік ойынын әлемдік деңгейде насихат­тау, оның бұқаралық сипатын арттыру және осы спорт тү­ріндегі ең үздік спортшыларды анықтау.

Айта кетейік, тоғызқұ­ма­лақтан тұңғыш әлем чемпион­а­ты 2010 жылы елордада өт­се, екінші чемпионат 2012 жы­лы Чехияның Пардубице қа­ла­сында ұйымдастырылған. Ал үшінші әлем біріншілігі 2015 жы­лы Алматыда өткен бо­ла­тын. Әлем чемпионаты 8 қыр­күйекке дейін жалғасады.

Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар