Қазақстан
1 мин оқу 285

Жаңғырту жұмыстары жалғасуда

<p>Астанадағы Кәсіподақтар үйінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен &laquo;Сананы жаңғырту және кәсіподақтар: келешегі мен жүзеге асыру жолдары&raquo; деген тақырыппен республикалық форум өтті.</p>

Жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Шараға салалық, аймақтық кәсіподақ ұйымдарының өкіл­дері мен сараптамалық қауым­дастық және халықаралық ұй­ым­­­дардың өкілдері қатысты. Жи­ын­ға жетекшілік еткен Кә­сіп­­о­дақ­тар федерациясының Төр­­ағасы Әбілғазы Құсайынов қоғам­дық сананы жаңғырту жо­лында әрбір отандасымыз өз-өзіне деген көзқарасты қайта қа­рау қажеттігін атап өтіп, дү­ние­­жүзілік қауымдастықтың бір бөлігі ретінде халқымыздың жет­кен жетістігі мен кемшін тұс­­тарын саралауды меңгеруге ша­­қырды.

Алқалы кеңесте Ресей Фе­де­рациясының ғылыми қауым­дастығы атынан сөз алған профессор Б.Титов: «Сананы жаң­­­ғырту – қазақстандықтардың саналы таңдауы, бұл өз кезе­гінде Қазақстанның адам капиталы дамуының жоғарғы ин­дексіне ие ең табысты мем­лекеттер қатарында болатын­дығының басты шарты», деді. Оның пікірінше, осы мақ­сат орындалған жағдайда қазақ­стандық қоғамның әлеуметтік жаңғыру мен рухани прогреске бейімделуі кең өріс алады.

Форумға қатысушылар «Са­­­наны жаңғырту» бағдар­ла­­масын сапалы жүзеге асы­ру­дың маңыздылығын жан-жақ­ты талқылап, әрбір облыс орталықтарындағы кәсіп­одақ өкілдерімен табысты жұмыс жүр­гізуді түсіндіру топтары құрылды. Сондай-ақ, осы бағытта орындалып жатқан жоспар-жобалардың артықшылықтары туралы үгіт-насихаттық билбордтар әзірленіп, өңірлерге жіберілген.

Апта соңына дейін жалғасын табатын форумда семинар тү­ріндегі секциялық және пле­нар­лық отырыстар мен тре­нинг­тер ұйымдастырылып, кә­сіп­­одақтардың қызметтік өкі­леттігіне байланысты өзекті мә­селелер панельді пікір­талас­тарда қызу талқыланады деп жос­парланған.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Жаңғырту жұмыстары жалғасуда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар