Қазақстан
2 мин оқу 693

Жолаушылар тасымалын жетілдіру жолдары талқыланды

<p>Астана қаласында халықаралық жолаушылар форумы жұмысын бастады. Алқалы жиынға Грузия, Украина, Молдова, Латвия, Литва, Эстония елдерінің темір жол саласы өкілдері қатысты. ТМД Темір жол көлігі кеңесінің дирекциясы ұйымдастырған шараны &laquo;Қазақстан темір жолы&raquo; ұлттық компаниясы&raquo; АҚ вице-президенті Арман Сұлтанов ашып, сөз сөйледі.</p> <div>&nbsp;</div>

Жолаушылар тасымалын жетілдіру жолдары талқыланды

«Биыл компанияның ірге қалағанына жиырма жыл толды. Бүгінде «Қазақстан темір жолы» АҚ барлық көліктің инфра­құрылымы мен қызмет түрлерін шо­ғырландырған ұлттық кө­лік операторы деңгейіне көте­ріл­­ген», деген вице-президент са­ладағы және жолаушылар та­сымалындағы серпінді жаң­­ғы­ру­лар туралы баяндады. Оның ай­­туынша, «Нұрлы жол» мем­ле­кеттік бағдарламасы біре­гей тәр­тіппен және ел өңірлерін ық­­палдастыру арқылы жүзеге асуда. Компанияда жүрдек жолау­шылар пойызы қозғалысын да­мыту бағдарламасы жасалып, іргелі істер қолға алынуда. 

«Қазіргі таңда Қазақстанның бар­лық ірі қалалары отандық өн­­дірістен шыққан «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагон­да­рынан жасақталған 15 жүр­дек жолаушылар пойызы бағд­а­ры желісімен қамтылған. Ол ар­қылы пойыздардың жол жү­ру мерзімі 1,5-2 есеге дейін қыс­қарды. Былтырдан бері «Тұлпар-Тальго» өндірісінде жа­ңа да жайлы, кең қорапты ва­гондар құрастырылуда. 2022 жыл­ға дейін 21 жылжымалы құ­рамды алмастыру жоспарда бар», деді А.Сұлтанов. Оның сө­зіне қа­ра­ғанда, «Цифрлы темір жол» жо­­басы аясында жолаушы­лар та­­сымалдау қызметін цифр­лы жүйе­ге көшіру бойынша ау­қым­ды шаруалар атқарылуда. 

Бүгінде ұлттық тасымалдаушы компания 120 бағдарға қызмет көрсетіп, жылына 20 миллионнан астам жолаушы тасымалдайды. Биылғы жарты жылда 10 миллиондай адам «Қазақстан темір жолының» қыз­ме­тіне жүгінген. Бұл көрсеткіш өт­кен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда екі пайызға жо­ғары көрінеді. «Тұлпар-Тальго» пойыздарымен 1 миллион 200 мың жолаушы жүріпті. Ал бұл – былтырғы есепті мерзімнің нәти­же­сінен 30 пайызға көп.

Шара барысында ТМД Темір жол көлігі кеңесі дирекциясының төрағасы П.Кучеренконың, «Жо­лау­шылар тасымалы» АҚ пре­зиденті Н.Қилыбайдың, «Ресей темір жолы» ААҚ жолаушылар та­сымалдау жөніндегі директоры Д.Пеговтың, Федералдық жолау­шылар тасымалдау ком­па­ниясының бас директоры П.Ивановтың, Беларусь темір жолы жолаушыларға қызмет көр­сету басқармасының бас­ты­ғы А.Захаревичтің және «Лит­ва темір жолдары» АҚ ди­­ректорының орынбасары Э.Лазеускастың баяндамалары тың­далды. Қатысушылар ел­ара­лық бағдардағы жолаушылар тасымалын әрі қарай дамытудағы қызмет сапасы мен тиімділігін жетілдіру, вагондардың жай­лы­лығын жақсарту, салаға жаңа тех­нологияны енгізу, нарықты мем­лекеттік реттеу барысы төңірегіндегі мәселелерді тал­қылады.

Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Жолаушылар тасымалын жетілдіру жолдары талқыланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар