Кино
1 мин оқу 1,870

1931-1933 жыл­дар­дағы ашаршылық туралы фильм түсіріледі

<p>Бұған дейін &laquo;Үш тоғыз&raquo;, &laquo;Ана жүрегі&raquo;, &laquo;Обрат&shy;ная сто&shy;ро&shy;на&raquo; секілді туынды&shy;лары&shy;мен танылып үлгер&shy;ген &laquo;MG productions&raquo; киноком&shy;пания&shy;сы ХХ ғасырдағы адам қолымен қаса&shy;қана жасалған жантүршігерлік қыл&shy;мыстардың бірі &ndash; 1931-1933 жыл&shy;дар&shy;дағы ашаршылық туралы фильм түсіруді қолға алмақ.</p>

1931-1933 жыл­дар­дағы ашаршылық туралы фильм түсіріледі

Кинокомпанияның бас прод­юсері Ернар Маликовтің айтуынша, аштықтың сал­дарынан қазақ халқының 60 пайызға жуығы қырылып, 1,5 миллионнан астам адам туған жерін тастап, шекара асуға мәжбүр болған. Тарихи дерек­терді алға тартқан продюсердің мәліметінше, 1911 жылдары Қазақстандағы жергілікті ұлт саны 8,5-9 млн болған. Қазақ халқы сан жағынан түркі тілдес халықтардың ішінде Осман түріктерінен кейін екінші орын иеленген. Ал 1939 жылғы деректерге қарағанда, бұрын-соңды болмаған зұлматтан небәрі 2,4 млн қазақ қана аман қалған. 

Сондай-ақ фильм сцена­рийі­нің авторы әрі режиссері, еуропалық және халықара­лық әйел-фильммейкерлер қауым­дастығының мүшесі Мари­на Қонарова ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, адамгершілік, ауызбір­шілік, адамзатты сүю секілді ізгілік идеясын дәріптеуге де ерекше мән берілгенін айтты. 

Фильмнің жобасын ол осы­дан бес жыл бұрын жазған. Осы уақыт­қа дейін орайлы сәтін күтіп жат­қан жобаға Еуропа кино қоры тек биыл ғана қолдау білдіріп, фильм бюджетінің тең жартысын төлеп беру­ге ұсы­ныс жасағаннан ке­йін тү­сі­ру тобы іске кіріскен.

Фильм­­­­­­нің жарты қаражатын табу үшін бас продюсер жеке инвесторлар мен бұл тақы­рыпқа бейжай қарай ал­май­тын жана­шырлардың қол­дауы­на сүйе­не­тінін жет­кізді. Түсірілім жұмы­сы қара­ша айында басталып, 2018 жыл­дың ақпан айында аяқ­та­лады деп жос­парланып отыр. 2018 жылдың күзін­де «Ашаршылық» фильмі әлем­дік прокатқа жол тартпақ.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ
 

Бөлісу:
1931-1933 жыл­дар­дағы ашаршылық туралы фильм түсіріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар