«Қорғастағы» көшпелі отырыс
<p>Парламент Сенатының биылғы жылға арналған Негізгі шаралар жоспарына сәйкес, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіз­дік комитетінің мүшелері Алматы қа­ласы мен Алматы облысында мем­лекеттік шекараны қорғау мәсе­ле­лері бойынша көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.</p> <div> </div>

Көшпелі отырыс аясында депутаттар «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында болып, Қазақстан және Қытай бөлігінің жұмысымен танысты. Сенаторларға орталықтың жекелеген жобалары жөнінде айтылып, сондай-ақ орталық аумағында іске асырылған инвестициялық жобалар туралы хабардар етілді.
Сондай-ақ, комитет мүшелері сапар барысында «Шығыс» аймақтық басқармасының «Қорғас» шекара заставасында және Жаркент шекара отрядында да болды. Депутаттар техникалық жабдықталу және жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру барысымен, сондай-ақ жеке құрамның тұрмыс жағдайымен жақыннан танысты.
Бөлімше басшысы Р.Рамазанов депутаттарға отрядтың күнделікті жауынгерлік қызметі мен жауапты бөліктің қазіргі жағдайы туралы кеңінен баяндады.