Қазақстан
1 мин оқу 440

ruh.kz жаңа портал ашылды

<p>Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың &laquo;Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру&raquo; атты бағдар&shy;ла&shy;ма&shy;лық мақаласының аясында бірыңғай ақ&shy;параттық портал өз жұмысын бас&shy;та&shy;ды. Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов, Дін істері және азаматтық қоғам ви&shy;це-министрі Абзал Нүкенов және &laquo;Қаз&shy;контент&raquo; АҚ басқармасының тө&shy;&shy;рағасы Евгений Кочетовтің қа&shy;ты&shy;суымен баспасөз мәслихаты өтті.&nbsp;</p> <div>&nbsp;</div>

ruh.kz жаңа портал ашылды

«Қазконтент» АҚ басқарма төр­а­ғасы Евгений Кочетовтің мә­лі­ме­тін­ше, жаңа портал ruh.kz домені­мен тір­келген. Сайт «Туған жер», «Киелі мекен жағырапиясы», «Заманауи Қазақстан мәдениеті», «100 жаңа оқулық», «100 жаңа тұлға», «Ла­тын­­ша» деген алты бөлімнен тұ­рады. Бас­ты бетте Елбасының мақа­ла­сынан үзін­ді және «Руxани жаң­ғы­ру» бағдарламасына қатысты бар­лық жаңалық көрсетілген», деді Е.Кочетов.

Жиын барысында «100 жаңа есім» жобасына 2 мыңға жуық өті­ніш келіп түскені, 16 қыркүйектен бас­тап қабылдау тоқтатылғаны айтылды. Жобаның екінші кезеңінде арнайы құрылған сарапшылар тобы лайықты тұлғаларды анықтайтын болады.

Порталдағы «Туған жер» бөлі­мі­не Дін істері және азаматтық қо­ғам министрлігі, «Киелі мекен жа­ғы­ра­пия­сы» мен «Заманауи Қазақстан мә­дениеті» бөліміне Мәдениет жә­не спорт министрлігі, «100 жаңа оқу­лық» бөліміне Білім және ғылым ми­нистрлігінің тарапынан маңызды мағ­лұматтар мен керекті деректер орналастырылады.

«Біздің министрлік аталған пор­тал­дың «Туған жер» бөліміне өзінің жобаларын қояды. Соның бірі – Әлеу­меттік бастамалар картасы. Осы кар­та арқылы өңірлерде атқарылып жат­қан түрлі әлеуметтік маңызы бар жобалардың тізбегімен таныса аласыздар. Қазіргі таңда картаға 83 әлеу­меттік жоба енгізілді. Бұл жоба­лар меценаттар мен қайырымды жан­дар арқылы жүзеге асып жатыр. Әлеу­меттік бастамалар карта­сы жо­ба­сының негізгі мақсаты – әрбір қа­зақ­стандық азаматтың бойы­на өзінің ту­ған жеріне деген жау­ап­кершілік сезімін арттыру жә­не оның дамуына үлесін қосуға мүм­кін­дік беру» деді Дін істері және аза­маттық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
ruh.kz жаңа портал ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар