Қазақстан
1 мин оқу 370

Асқар Мамин Беларусь Республикасының вице-премьерімен кездесті

<p>Бүгін ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А.Мамин мен Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары В.Матюшевский Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы өткізілді.</p>

Асқар Мамин Беларусь Республикасының вице-премьерімен кездесті

А.Мамин бастаған жұмыс тобы түске дейін ескі автокөліктерді өңдейтін «ResyclingCompany» ЖШС-де, «Қарағанды фармацептикалық кешені» ЖШС-де болып, аймақ тынысымен танысты. 

Түс ауа сапарға қатысушылар «КазБелаз» ЖШС-де және «Maker КЛМЗ» ЖШС-де болып, бұдан әрі «Достық үйінде» Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының Пленарлық отырысы, осы 13-ші отырыстың Хаттамасына қол қою рәсімі, БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслиxаты өтті. 

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Асқар Мамин Беларусь Республикасының вице-премьерімен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар