Білім
3 мин оқу 424

Түркі әлеміне ортақ оқулық шығады

<p>Өткен сәрсенбі күні елорда төрінде Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) соңғы жылдары жүйелі түрде қолға алып, табысты жүргізіп келе жатқан іргелі жоба &laquo;Ортақ түркі тарихы&raquo; оқулығының алғашқысын сәтті аяқтады.</p>

Түркі әлеміне ортақ оқулық шығады

Осыған байланысты Түркі кеңесіне мүше елдер – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия мемлекеттерінің білім және ғылым министрліктерінің тиісті мамандары мен ғылыми-сарапшылары бас қосып, қорытынды жиын өткізді.  

«Біз бүгін Түркітілдес мемле­кет­тердің ынтымақтастық кеңесі (Түркі кеңесі) аясында ын­ты­­мақ­таса отырып, үл­кен ір­гелі істі аяқтадық. Атал­мыш жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағ­дар: ру­ха­ни жаң­ғыру» бағдар­ла­ма­­лық ма­қ­а­­ла­сында айтылған міндет-мақ­­сат­тар ауқымында жүзеге асы­ры­лып отыр», деді жиын­ды ашып сөз сөйлеген Ха­лық­­ара­лық Түркі ака­­­­де­­­­мия­сы­ның басшысы Дархан Қыдырәлі мырза. 

Расында жоғарыдағы құнды жоба Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың тікелей тапсыр­ма­сы бойынша қолға алы­нған. Өйткені біздің Елбасы­мыз­­­дың бастамасымен 2013 жы­лы Түркі кеңесіне мүше ел­дер өзара ортақ тарихи оқу­лық жазып, оны орта мектеп бағ­дар­ла­ма­сына енгізу жайында ше­шім қа­был­данған болатын. Бұл істі абы­ройлы атқарып шығу мәр­тебесі Халықаралық Түркі ака­демиясына жүктелген еді. Сөйтіп тапсырылған шаруа­ны тиянақты атқару үшін 2014 жылы ортақ оқулықтың бағ­дар­лама­сы жасалып, бұған қатыс­ты мем­лекеттер білім министр­лік­терінің талқысына ұсынылып, мақұлданған-тын. 

Нәтижесінде Түркі кеңесіне мүше елдер білім және ғылым министрліктерінің өкілдері мен сарапшылары және кеңестің жауап­ты қызметкерлерінен құрал­­ған жұмыс тобының бірік­кен ізденісі арқасында орта мек­теп­­ке арналған жоғарыдағы ор­тақ оқулық дайын болды.  

Ортақ оқулықтың мазмұны мен мақсатына тоқталар бол­сақ, оқулық жеті бөлім­нен тұра­ды және орта мектептің 8-сы­нып оқушыларына арнал­ған. Уақыт­тық тұрғыдан – ер­те дәуірден бастап ХV ға­сыр­­ға дейінгі барлық түркі халық­тары­на ортақ тарих қамтылған. Бұл ғасыр­лар түркі дүниесі­нің дәуірлеген кезеңі. Яғ­ни оқу­лық­та жекелеген түркі тектес эт­нос­­тарға ғана тән оқиғалар емес, бар­ша түркі жұртына ор­тақ оқи­ғалар сарап­тау арқы­­лы қам­­тылып, барлығына ор­­тақ тұл­ға­л­ар­ға қатысты құнды­­лық­тар топтас­ты­рыл­ған. Кі­тап­­пен танысқан ұрпақ түркі ха­лық­­­­тарының ортақ тарихи-ру­ха­­ни мұра­­с­ы­мен қауы­шып, өз ба­ба­­ларының адам­зат та­ри­хынан ала­тын орнын біле­тін болады. 

Кітапқа бұ­ған дейін ақиқаты даусыз айқын­далған тарихи оқи­ға­лар мен толық тұжы­рым­дал­ған дерек­тер енгізіліп отыр. Нақ­ты­рақ айт­қанда, жеке­леген елдердің тарихи ұғым-дерегіне орныққан, бірақ күллі түркі әлеміне ортақ­тығы мойын­далмаған дүние­лерден бас тартылған. Са­рап­шылар осы мәселеде ор­тақ көз­қарасты ұстанған. Мұн­дағы мақ­сат ұр­паққа өткен ғасырлар­­дағы тари­хи оқи­ға­лар­дың тіз­бе­гін та­ныс­­тыру емес, ортақ мақ­­­сат, ор­тақ мақ­та­н­ышты ояту екен. 

Мұның сыртында аталмыш оқу­лыққа түркі бірлігіне бас­тай­тын фотоқұжаттар мен кар­талар енгізіліп, кітап түрік, қазақ, қырғыз, әзербайжан, орыс тіл­дерінде әзірленіпті. 

Жоғарыдағы маңызды жиын­ға қатысқан Түркі кеңесі бас хат­­шыс­ының орынбасары Омер Кожа­ман мырза, мұндай ор­­тақ іске атсалысқан маман-сарап­шыларға өз тарапынан ал­ғы­сын білдіріп, осы іс арқылы біз келер ұрпақ ал­дындағы зор мін­детімізді ат­қар­­дық десе, жұмыс тобының бел­сенді мү­шесі әзербайжандық өкіл Хафиз Джаббаров: «Бұл ортақ оқу­лық әлемдегі түркі жастарын руха­ни жақындастыра түсері анық. Сөйтіп барлығымызға ата-баба тарихымен бүтіндей қауы­шатын мүмкіндік туып отыр. Кітап кейінгі буынның өзара мәдени-тарихи қарым-қатына­сын нығайтып, жаһандану дәуі­рінде түркі жастарының ынты­мағын арттырады деген ойда­мын. Мұндай маңызды іске мұ­рындық болған Түркі академия­сына алғыс айтамын», деді. 

Сол сияқты ортақ оқулықты ортақ рухани олжаға балаған түркиялық профес­сор Жевдет Кырпык мырза атал­мыш жо­баның түркі халықтары үшін маңызы айрықша екеніне тоқ­талып, бұл кітап – ерте заманда жер-жаһанды жаңғыртқан түркі­лер­ді бүгінгі жаңа ғасырда қайта­дан жаңғыртатын жасампаз еңбек боларына сенім мол. Осы арқылы ұрпақтар тоғысы мен рухани сабақтастығы орнайды, деді. 

Осылай күллі түркі тектес­тердің ортақ құндылы­ғы­на ай­налған оқулық әуелі өз елі­­міз­дегі Назарбаев зият­кер­­лік мек­тептерінің оқу бағдар­ламасына енгізілуде екен. 

Ал келесі оқулық 9-сыныпқа ар­налады. Онда ХV ғасырдан бас­талған әлем тарихында орны бар оқиғалар қам­тылмақ. 
Жиын соңында ортақ оқу­лық­тың мақұлдануына бай­ла­нысты қорытынды құжат қабыл­данып, xаттамаға қол қойыл­ды. Осыған сәйкес үсті­міздегі жылдың желтоқсан айы­на дейін кеңеске мүше мем­лекет­тердің министрліктері тиісті келісімін жіберуі тиіс. Ол 2018 жылы Қыр­ғыз­станда болатын Түркі кеңе­сі мемлекет басшыларының кезекті Саммитіне ұсынылады. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, 
«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген 
Ерлан ОМАР, 
«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Түркі әлеміне ортақ оқулық шығады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар