Қазақстан
2 мин оқу 5,390

Латын әліпбиінің берері көп

<p>&laquo;Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руникалық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады. Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби &ndash; &laquo;Біртұтас түркі әліпбиін&raquo; енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кирилл әліпбиіне ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада &laquo;Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиінен кирилл графикасы негізіндегі жаңа әліпбиіне көшіру туралы&raquo; заң қабылданды. Осылайша қазақ тілінің алфавитін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді.&nbsp;</p> <div>&nbsp;</div>

Латын әліпбиінің берері көп

Елбасының «Болашаққа бағдар: ­рухани жаңғыру» атты бағдарла­малық мақаласында 2025 жылға дейін қазақ тілін толығымен латын әліпбиіне көшіру мәселесін қойды.

Қазіргі қазақ жазуында қолда­ны­лып жүрген әліпбиді латын әріп­­­терімен ауыстыру мәселе­сіне алаңдаушылық тудырып отыр­ғандар бар. Бірақ бұл болашаққа ба­тыл қадам жасап, елімізді төрт­күл дүниеге танытып келе жат­қан Елбасының тағы бір ма­ңызды бастамаларының бірегейі және дер кезінде қозғалған тіліміздің бо­ла­шағы үшін жасалған ғылыми ма­ңызды шара деп есептейміз. Тәуел­сіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор. Латын алфавитіне көшу, сайып кел­генде, ана тіліміздің болашағын ой­лап, қол­даныс аясын одан әрі кеңейте тү­суге мүмкіндік жасап, тіліміздің ішкі та­биғи әліпбиіміз арқылы жазудың ай­туға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография) талаптарын жүйеге түсіру деп тү­сіну керек. Латын әліпбиіне көшу – ­қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өр­кендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, же­місі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қо­сы­лып, тіліміздегі дыбыстық жү­йелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жа­зылуы мен дыбысталу кезінде сөз­дер қолданысындағы артық кірме сөз­дерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, бо­­лашақ еліміз үшін әлдеқайда ма­ңыз­дырақ.

Латын әліпбиіне  көшу іс-шара­ла­рының барлығы бірауыздан бұл еліміздің жалпы дамуына қажетті қадам екендігін алға тартуда. Дүние жүзінде бүкіл ақпараттың 70 пайызынан астамы латын әліпбиінде таратылатынын ескерсек, Қазақстан үшін латын алфавитіне көшудің пай­дасы өте көп. Сондай-ақ бұл өз­ге­ріс қазақ тілінің дамуына да өз үле­сін қосады деуге болады.

Бір алфавиттен екінші алфавит­ке­ көшу мәселесі ең алдымен бір­ ұлттың не­месе мемлекеттің сая­си-мәдени ба­ғытын көрсетеді. Бү­гінгі әлемде латын ал­фавиті ең көп қолданылатын алфавит ғана емес, сондай-ақ де­мо­кратияның, белсен­діліктің, да­мудың жазуы деп айтсақ болады.­ Сондықтан Қазақстанның латын­ алфавитына көшуі еліміздің болашағы қандай бағытта дамуын көр­сететін бір бел­­гісі деп қарасақ та болады. «Осындай маңызды саяси жә­не мә­­дени өзгерістерге біздің көз­қарасымыз, пікірлеріміз қандай болу керек» деген сұрақ туындауы мүмкін.

Біріншіден, біз, сөзсіз, Елбасы­ның бұл саладағы реформасын қол­даймыз.

Екіншіден, біз өзіміздің ежел­гі дәуірлерден бастап жазу мәде­ние­тіне ие ұлттардың бірі екенімізді ұмы­тпауымыз керек. Қазақ ұлты да сан­ ғасырлар бойы алуан жазуды қол­данып келгені бәрімізге аян.

Үшіншіден, латын алфавиті кирилл алфавитінен ерекшеленетін, бөгде бір системадағы алфавит емес. Олардың келіп шығуы, яғни бұл алфавиттердегі әріптерде жалпы тү­рінде, жазылуында ортақтықтар бар.

Бүгінгі еліміздің саяси, эконо­микалық, ғылыми, халықаралық маңызы бар мәселелер тоғысында ғаламтор мен ұялы байланыстың жазармандары мен пайдаланушылары көбейген тұста интернет желісін пайдаланушылардың латын тіліне қа­жеттілігі артпаса кемімейтіні анық. Екіншіден, бұл идея түркітіл­дес халықтарды біріктірудің бас­ты көзқарасы болып табылады.

Әбсаттар ДЕРБІСӘЛІ,

Р.Б.Сүлейменов атындағы

Шығыстану институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор

Бөлісу: