Аймақтар
2 мин оқу 960

Құтқарушылар төтенше жағдайға қашанда дайын

<p>Апат айтып келмейді. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай бола қалса, оған қаншалықты дайын&shy;быз? Жедел құрам апат&shy;тық-құтқа&shy;ру жұмыстарын жүргізуге қауқар&shy;лы ма? Инно&shy;вациялық техно&shy;ло&shy;гияларды тәжірибеде пайда&shy;лану қандай нәтиже беріп жүр? Инвес&shy;тициялар және даму министрлігі Ин&shy;дус&shy;триялық даму және өнер&shy;кәсіп&shy;тік қауіпсіздік комитеті &laquo;Кә&shy;сі&shy;би әскерилендірілген апат&shy;тық-құтқару қызметінің&raquo; Аты&shy;рау&shy;&shy;да өткізген оқу-жаттығу шарасы осы сауалдарға жауап іздеді.&nbsp;</p>

Құтқарушылар төтенше жағдайға қашанда дайын

Мұнай-газ саласындағы «Ат­қыла­ма-2017» арнайы так­тикалық аумақ­тық жат­­­ты­ғуына Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақ­­­стан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарынан кел­ген құтқарушылар қатысты. Маман­дар­дың түрлі апаттық жағдайдағы әрекет ету ше­берліктері сарапқа салынған шараны Аты­рау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев та ар­найы келіп көрді. «Апаттық жағдай мұ­най-газ, химия өнеркәсібі салаларында да кез­десе­ді.

Сол апатты ауыздықтап, адам­­­дар­дың өмірлерін сақтау, жағ­дайды қалпына келтіру – құтқарушыларға жүктелетін үлкен міндет. Шартты түрде орындалатын жаттығулар осы­мен шектеліп, нақты өмірде апатты жағдай болмасын», деді аймақ басшысы. 

Арнайы қызмет құры­лымдары қандай жағдайда да атқыламаларға қарсы тұруға дайын. Бұл ретте «Кәсіби әс­керилендірілген апат­­­тық-құт­қару қыз­меті» ме­ке­месінің жұ­мы­­сын айрықша атауға болады. Кәсіп­орын­­ның 13 бөлім­­шесі Қазақстанның бар­лық өнер­кә­сіптік аймақ­тарында ор­­на­лас­­қан.

Мекемеде 2800-ден ас­там жоғары білік­ті кәсіби құт­­қарушы, 600 бірлік апаттық-құт­қару техникасы, 6700 бір­лік ар­найы таға­йындалған жабдық бар.

Құры­­лым бас­шысы генерал-майор Диханбек Сатыл­­ғанов мұнай-газ саласындағы қараусыз қал­ған нысан­дардағы апаттарды жою­ға да қаты­са­тындарын айтады.

Мысалы, Ақтөбе облы­сы «Қаратөбе» кен орнындағы, Атырау облы­сы «Күмісбек» кен орнындағы қараусыз қал­ған ұң­ғымаларда болған апаттарды жою жұмыс­тарын жүргізген. «Өткен мамыр айында Атырау облысының жер қойнауын пай­да­ланушылар ерікті апаттық-құтқару қыз­меті­нің күштері мен құралдарының қыз­мет көрсету нысаны болмауынан апатқа ұшы­ра­ды, облыстағы бөлімшенің көме­гіне жүгініп, біздің құтқарушыларымыз қыс­қа мерзімде апатты жойды», дейді Д.Сатылғанов. 

Мекемедегі оқу орталық­та­рында жыл са­йын 1800-ден астам адам оқиды. Жыл басы­­нан бері апаттық-құтқару жұ­мыстарын орын­дау кезінде 185 адам құтқарылып, апат­ты жою орындарында 319 адамға меди­циналық көмек көрсетілген.

Бес облыстың құтқару­шылары бас қос­қан жатт­ығу шарасында апаттан зардап шек­­кен адамды құтқару, магистралды мұ­най құбы­рында болған ақауды жою, үйін­ді ас­тында қалып қойған адамды алып шы­ғу, мұнай құйы­латын ыдысқа түсіп кет­кен жұ­мыс­шыны аман алып қалу, мұнай атқылаған ұңғыманы ауыздықтау секіл­ді жауапты да қиын тапсырмалар орындал­ды. Құт­қару­шылардың бәрі де мамандық­тары­ның нағыз майталмандары екендерін көр­сетті. Ал оқу-жаттығу шарасы­ның екінші күні кіші аяқ доптан өткен жарыспен жалғасты.

  Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

  АТЫРАУ 

Бөлісу:
Құтқарушылар төтенше жағдайға қашанда дайын · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар