Қазақстан
1 мин оқу 800

Қазақ күресінен жетінші әлем чемпионаты өтті

<p>Минск (Беларусь) қаласында Дүниежүзілік қазақ күрес феде&shy;ра&shy;циясының (WFKK) ұйымдастыруымен қазақ күресінен жетінші әлем чемпионаты өтті.&nbsp;</p> <p>&nbsp;</p>

Қазақ күресінен жетінші әлем чемпионаты өтті

Төртқұрлықтың 38 елінен келген балуандар арасында Жақсылық Мұсырманов (60 кг, Қазақстан), Ерлан Омаров (90 кг, Қазақстан), Талғат Əмренов (+90 кг, Қазақстан) жеңімпаз атанса, құрама сапындағы Нұрғали Тұрсынғажиев (70 кило) қола жүлдеге ие болды. Ал Али Тұр­сынов (70 кг, Ресей), Хамроз Ра­жабов (80 кг, Тəжікстан) және аб­со­лютті салмақта Александр Ва­ха­биак (Беларусь) əлем чемпионы болды.

Сонымен қатар бұл чемпионат тарихта тұңғыш рет əйелдер арасында өтуімен де ерекше болды. Отандасымыз Алтынай Хаби (70 кг, Қазақстан) мен Отгон Мунхцэцэг (+70 кг, Моңғолия) қазақ күресінен əйелдер арасында тұңғыш əлем чемпиондары атанды. 

Айта кетейiк, 27-29 қазан ара­лығында Астанада жаңадан құрыл­ған Халықаралық қазақ күресі федерациясының (IFKK) ұйым­дастыруымен қазақ күресінен тағы бip əлем чемпионаты өтеді.

Бөлісу:
Қазақ күресінен жетінші әлем чемпионаты өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар