Аймақтар
1 мин оқу 550

Шардара үш тілде ерекше мерекелік кеш өтті

<p>Әрине, әрбір ата-ана ұл-қызымен үйінде ана тілінде сөйлеседі. Басқа да тілдерді мектепте оқып-үйреніп жатқанынан және хабардар. Ал шардаралық ағайын балаларының үш тілде еркін сөйлей алатындарына мерекелік кеште көз жеткізді.&nbsp;</p>

Шардара үш тілде ерекше мерекелік кеш өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде «Ұстаз – ұлы тұлға», «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» және «Қарттарым – қазынам» тақырыптарында ерекшелеу кеш өткен болатын. Ерекшелеу дейтініміз, кеш қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіліп, балабақша бүлдіршіндері мен мектептің өнерлі оқушылары үш тілде концерттік қойылымдар қойды.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» мақаласында ұлт­тың табысты болуы оның таби­ғи байлығымен емес, адам­дарының бәсекелік қабілеті­мен айқындалатынын айта келе, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасыр­ға лайықты қасиеттерге ие болуы керектігін атап өтті. Компью­терлік сауаттылық, шет тіл­дерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторларды әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғы­шарттардың санатында атады. Яғни Елбасы еңбегін­де айтылғандай, «Үш тұғыр­лы тіл» бағдарламасы қазақ­стан­дықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы. Үш тілді білу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Сон­дықтан біз де осындай іс-шара­лар арқылы бүгінгі буын­ды тілдерді меңгеруге ынта­ландыра отырып, ата-аналар­ға мектеп оқушыларының үш тілді қалай меңгеріп жатқанын аңғартқымыз келді, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Ақшагүл Бердалиева.

Болатбек Қыстауов тізгін ұстаған ауданда өткен жылы екі білім беру мекемесіне 200 орындық қосымша оқу кор­пустары салынса, биыл Алатау батыр ауылында 900 орындық жаңа мектептің құры­лысы аяқ­талуға жақын.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан» 

Бөлісу:
Шардара үш тілде ерекше мерекелік кеш өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар