Аймақтар
1 мин оқу 320

Павлодар мемлекеттік университетінде «Нефтехим LTD» ЖШС аудиториясы ашылды

<p>С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің металлургия, машина жасау және көлік факультетінің студенттеріне салалық білім беру мақсатында &laquo;Нефтехим LTD&raquo; ЖШС аудиториясы ашылды. Университет ректоры Гаухар Ахметова кәсіпорын мен университет арасындағы өзара ынтымақтастық бағдарламасының студенттер үшін тиімділігін атап өтті.</p>

Павлодар мемлекеттік университетінде «Нефтехим LTD» ЖШС аудиториясы ашылды

Жалпы, мұнай-газ, метал­лургия, машина жасау, көлік технологиялары, техно­логия­лық машиналар, стандарттау, метрология және сертифи­каттау, көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымал­дауды ұйымдастыру салалары бо­йынша маман даяр­лай­тын факультетте 60-тан аса оқытушы-ғалымдар қыз­мет етеді. 

20 инновациялық патенті, 132-ден астам ғылыми жұ­мыс­тары жарияланған факуль­тет профессорларының бірі Әбілхан Қарақаев жуыр­да «Қазақстанның еңбек сіңір­ген өнертапқышы» атанды. Факультет деканы Қайрат Әбішев­тің айтуынша, жаңа білім жүйесін оқып-үйрену үшін студенттер Назарбаев Уни­вер­ситетінде, оқытушылар Ұлы­британия, Жапония, Син­гапур елдерінде білімдерін жетіл­дірді. Бірқатар студенттер Президент шәкіртақысының иегері болды. Машина жасау мамандығының студенттері Польшаның Люблин техника­лық университетіне, металлургия мамандығы бойынша оқитын жастар Болгарияның металлургия университетіне жіберіліп, білімдерін жетіл­дірді. Сондай-ақ Чехия, Латвия мен Ресейден шақырылған оқыту­­шылар сабақ береді. Факуль­теттің оқытушылық әлеуе­­тін металлургия кафед­расы­­ның профессоры А.Бого­мо­лов­тың «Вильгельм Лейб­ниц» ме­далімен наградталып, аға оқы­тушы А.Жақыповтың метал­лу­ргия саласына арналған жоба­сы үшін еліміздің «Жас ға­лым» байқауында 1-орынды же­ңіп алғанынан көруге болады.

Университеттегі кәсіптік ауди­торияның ашылуына кә­сіпорын директорының ке­ңес­шісі Олег Тимошов, оқу орталығының жетекшісі Анастасия Гришина және факультет ғалымдары мен студенттері қатысты. Екіжақты әріптестік аясында тиімді оқу процесін ұйымдастыру үшін қажетті жабдықтар мен ақпараттық-әдістемелік материалдармен қамтылған аудитория енді студенттер үшін тәжірибелік сабаққа арналған алаң қызметін атқармақ.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Бөлісу:
Павлодар мемлекеттік университетінде «Нефтехим LTD» ЖШС аудиториясы ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар