Экономика
1 мин оқу 3,086

Президент ресми сапармен БАӘ-не барады

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.

Президент ресми сапармен БАӘ-не барады

20161111105110

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.

Қазақстан Президенті 15-16 қаңтарда ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктерінде болады. Сапар барысында Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет қайраткерлерімен және іскер топтар өкілдерімен келіссөздер өткізу жоспарланған.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Даби әмірлігінің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездеседі. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Х Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммиті жұмысына қатысуы жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Президент ресми сапармен БАӘ-не барады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар