Қазақстан
1 мин оқу 311

Көңіл көктемі

<p>&laquo;Екеуміз автобекетте қош&shy;тасып тұрдық. Ол облыс орта&shy;лығына жақын қалаға &ndash; Үштөбеге барады. Ал менің Алматыға қайтуым керек. Кассадан билет алатын кезде екеуміздің арамызда күтпеген бір сауал туды. &laquo;Кім кімді шығарып салуы керек?..&raquo;</p>

Көңіл көктемі

Өйткені екі қалаға да автобус жиі қатынайды. Алматыға сағат сайын, ал Үштөбеге әрбір жарты сағат­та...

«Әрине, мен сені шығарып салуым керек», деймін оған. Себебі бұл қай заманда да ер жігіттің міндеті емес пе.

Бірақ, ол басын шайқап, келіс­пейді.

«Мен сізді шығарып салайыншы», деп сыбырлайды құлағыма.

«Неге?»

 «Егер мен кетіп қалсам... сіз осында қалып қойғандай бола­сыз да тұрасыз. Сонсоң Талды­қорғанға келген сайын сізді іздеп, авто­бекет жаққа қарап алаңдай беремін...»

Ол кезде біз жап-жас едік. Бірақ менің отбасым, екі балам бар болатын. Қара басып ертерек үйленіп қойғам ғой. Еһ!.. Кеш кезіккен махаббат... Естен шық­пайды...»

Маған бұл хикаяны айтып отырған ағайымның жасы алпыс екіде. Сонда да болса, оның көңілінде қазір көктем туып, құстар шулап жатқандай...

Нұрғали ОРАЗ,
«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Көңіл көктемі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар