Қазақстан
1 мин оқу 310

Астана процесінің келесі раунды белгіленді

<p>Астана процесі аясындағы Сирия жө&shy;нінде жоғары деңгейдегі жетінші халық&shy;аралық кездесу ұрыс қимылдарын тоқ&shy;тату режіміне кепілгер елдердің өзара келі&shy;суімен 2017 жылы 30-31 қазанда өтеді.&nbsp;&nbsp;</p> <p>&nbsp;</p>

Астана процесінің келесі раунды белгіленді

Келіссөздер барысында тұтқындарды, қа­мауда отырғандарды босату, қаза тапқан­дардың денелерін беру және із-түзсіз жоғал­ғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобы­ның ережесін бекіту жоспарлануда. Сон­дай-ақ тарап­тар халық­аралық терроризммен күрес мәсе­лелерін қарас­тыруға және Сирияда минадан тазарту жұмыстарын жүргізу туралы бірлес­кен мәлімдемені қабылдауға ниетті. Бұлардан бөлек өзекті деп табылған басқа да мәселелер талқылануы ықтимал. 

Айта кетейік, Астанада қыркүйекте өткен келіс­сөз­дердің алтыншы раунды тараптардың Сирия­да деэскалация аймақтарын құру туралы меморандум ережелерін іске асыру және Астана процесі аясында осыған дейін қабылданған басқа да шешімдердің орындалуы бойынша жұмысты жалғастыру ниеті расталған бірлескен мәлімдемені қабылдаумен аяқталған-ды. Сирияда құрылған деэскалация аймақтары аталған қақтығыстың көлемін едәуір төмендетіп Сириядағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу: