СҚО әкімінің орынбасары тағайындалды
<p>Президент Әкімшілігінің келісімімен Мадияр Дүйсенбайұлы Қожахмет Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің білім, денсаулық сақтау, идеология және спорт мәселелері бойынша орынбасары лауазымына тағайындалды.<br /> </p>

М. Дүйсенбайұлы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетiн тамамдаған. Елбасының «Болашақ» бағдарламасымен Чех әлеуметтiк ғылым университетiн халықаралық құқық бакалавры, халықаралық құқық магистрi, экономика және менеджмент мамандықтары бойынша бiлiм алған.
2003-2008 жылдары республикалық «Қазақстан жастары конгресi» жастар ұйымында қызмет атқарып, еңбек жолын жобалар үйлестiрушiсi қызметiнен бастаған.
2008-2012 жылдар аралығында директордың орынбасары, жастар саясаты департаментiнiң директоры, Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң жастар iсi жөнiндегi комитетiнiң төрағасының орынбасары болған.
2012-2014 жылдары Президент Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлiмiнiң инспекторы қызметiн атқарды.
2014 жылдан осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында істеген.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»