Әлем
1 мин оқу 276

«Астана процесінің» жетінші раунды басталды

<p>Кеше елорданың &laquo;Риксос&raquo; қонақүйінде &laquo;Астана процесі&raquo; шеңберіндегі Сириядағы дағдарысты қалпына келтіру жөніндегі халықаралық келіссөздердің жетінші раунды басталды. Ол екі күнге созылып, бүгін кешке кездесу қорытындысы бойынша брифинг өткізіледі деп күтілуде.&nbsp;&nbsp;</p>

«Астана процесінің» жетінші раунды басталды

Келіссөз қорытын­ды­лары­ның орындалуына кепіл­гер мемлекеттер ретін­де қатысушы Ресей Федера­циясы­ның делегациясын Ресей Президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясын Сыртқы іс­тер министрінің орынбасары Седат Онал, Иран делегациясын Сырт­қы істер министрінің орын­басары Хусейн Джабери Ан­сари басшылық етуде.

Кездесуге Сирия үкіметі мен сириялық оппозицияның, сондай-ақ байқаушы ретінде БҰҰ, АҚШ және Иорданияның өкілдері қатысты. Іс-шараның басталуынан бір күн бұрын кепілгер-елдердің өкілдері сарапшылар деңгейінде екіжақты және үшжақты консультациялар өткізген болатын. Жалпы отырыс барлық тараптың қа­тысуымен бүгін, яғни 31 қа­зан­да өтеді.

Алдағы кездесу Сирияда ұрыс іс-қимылдарын доғару режімін нығайту бойынша қол жеткізілген нәтижелерді сақтауға, сондай-ақ дағдарыс­ты саяси реттеуге өту кезеңін­де аталған елдегі жағдайды әрі қарай тұрақтандыру шең­берінде күш-жігерлерді арт­тыруға бағытталған.

Бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жоғары деңгейде өтетін келіс­сөзде тұтқындарды және қамауда отырғандарды босату, қаза тапқандардың денелерін беру және із-түз­сіз жоғалғандарды із­дес­тіру бойынша жұмыс то­бының ережесін бекіту жос­­парланғанын хабарлаған болатын. Тараптар сонымен қатар халықаралық терроризм­­мен күрес мәселелерін қарасты­рып, Сирияда минадан тазарту жұмыстарын жүргізу туралы бірлескен мәлімдеме қабылдамақ ниетте.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу: