Медицина
2 мин оқу 1,440

Кадр даярлау сапасын арттыру керек

<p>Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылдың 1 тамызын&shy;&shy;дағы &laquo;Қазақстан Республикасының 2015-2019 жыл&shy;дарға арналған индустриялық-инновациялық дамуының мем&shy;лекеттік бағдарламасын&raquo; бекіткен Жарлығында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың аумақтық кластерлерге барлық қажетті шараларды жасауы, соның ішінде стратегиялық жобаларды іске асыруы үшін мемлекеттік қаржылық және қаржылық емес көмектер көрсетуі жөнінде айтылған. &nbsp;&nbsp;</p>

Кадр даярлау сапасын арттыру керек

Мемлекеттік қолдаудың бір бағыты – білікті кадрлармен қамсыздандыру. Білім беру сала­­сын­дағы мемлекеттік саясат эконо­миканы әртараптан­дыру мен ин­дустрияландыру­дың қысқа және ұзақ мерзімді міндет­­терін шешетін кадрлар даярлау­ға бағытталған. Сондай-ақ эконо­миканың өңдеу саласы мамандарын дайындау ісі алға тартылған. 

Әрине, білікті мамандар даяр­лау ісі кадрлар біліктілігін арт­ты­­рып, сапалы деңгейге көтере­тін оқу орындары мен озық бағ­­дарламаларға байла­ныс­ты. Бұл міндетті шешу ісі білім беру және оқыту бағдарла­ма­­ларын жетілдірумен қатар, оқу орындарының материал­дық-тех­никалық базасын жақсарту­ды талап етеді. Аграрлық сектор да осы талаптың үдесінен шығуға талпынып отыр. Президенттің 2017 жылдың 14 ақпанындағы Жар­лығымен бекітілген агро­өнер­кәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдар­ламада да осы саланың оқу орын­дарын одан әрі жақсарту қажеттігі аталып өткен. Осы құжатта Елбасы ғылым, білім және өндірістің интеграция­сын қамтамасыз ету үшін Астана­дағы Сәкен Сейфуллин атын­дағы Қазақ агротехникалық универ­ситетінің базасында Агроөнеркәсіп кешені саласында зерттеу университетін құру жөнінде тапсырма берген болатын. Осы міндетті орындау үшін аталмыш оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттігі туындауда. Оның бағдарламасы жасалып, іске асырылуы үшін республикалық бюджеттен 2018 жылға 223 млн теңге бөлу қажет болып отыр. Бұл қара­жат ғы­лыми-зерттеу зертханаларын қа­жетті жарақтармен қамтама­сыз ету мәселесін де шешеді.

Өкінішке қарай осы сома Ауыл шаруашылығы министр­лігінің 2018 жылға арналған бюджеттік сұранымында орын алмаған. Сол мәселені ше­шіп, келесі жылдың бюджеттік сұранымына енгізуді өтініп біз Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің атына депутаттық сауал жол­дадық. Мәселе оң шешімін табар деген үміттеміз. 

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ,

Мәжіліс депутаты

Бөлісу: