Жаңалықтар
1 мин оқу 236

Сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алмазбек Атам­баевты Қырғызстандағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құт­тықтады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы өзінің құт­тықтауында елде тұрақты­лық­тың одан әрі нығайып, саяси, экономикалық және әлеу­мет­тік жаң­ғырту тереңдей түсе­тініне сенім білдірді, сондай-ақ  Алмазбек Атамбаевқа Қыр­ғыз­стан Президенті лауазы­мын­дағы жауапты қыз­метінде та­быстар, ал бауыр­лас қырғыз халқына игілік, бейбітшілік пен өркендеу тіледі.
Бөлісу:
Сайлаудағы жеңісімен құттықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар