Үкімет
1 мин оқу 295

Бақытжан Сағынтаев «Шелл» концерні өкілдерімен кездесу өткізді

<p>Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев компанияның атқарушы директоры Бен Ван Берден басшылығымен &laquo;Роял Датч Шелл Плс&raquo; өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.</p>

Бақытжан Сағынтаев «Шелл» концерні өкілдерімен кездесу өткізді

Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері мен «Шелл» компаниясымен Қазақстанның мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

«Шелл» нидерланды-британ энергетикалық концерні 1997 жылғы 18 қарашада қол қойылған, Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім (СК ӨБК) қатысушыларының бірі. СК ӨБК бойынша келісімшарттық аумақта мына кен орындары орналасқан: Қашаған, Қаламқас-теңіз, Ақтоты, Қайран және Оңтүстік-Батыс Қашаған.

Бөлісу:
Бақытжан Сағынтаев «Шелл» концерні өкілдерімен кездесу өткізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар