Футбол
1 мин оқу 282

Жасөспірімдер арасында чемпион анықталды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Астанада 2000 жылы туылған жасөспірімдер арасында футболдан ел біріншілігі аяқталды. Чемпиондықты финалдық кезеңге шыққан &quot;Ертіс&quot;, &quot;Қайрат&quot;, &quot;Ордабасы&quot; жəне &quot;Астана&quot; жасөспірімдер командалары сарапқа салды.&nbsp;</p>

Жасөспірімдер арасында чемпион анықталды

Біріншіліктің қорытындысы бойынша оңтүстіктің жас өрендерін 2-0 есебімен жеңген "Астана" жасөспірімдер командасы чемпион атанды. Павлодардың "Ертісі" үшінші орынға болған ойында "Қайратқа" есе жіберді. 

Вячеслав Прокопенко "Астана" жасөспірімдер командасының жаттықтырушысы:
- Өте тартысты ойындар болды. Жалпы, біріншілікте екі рет жеңілдік, бір ойын тең түстік. Қалған ойындардың барлығын жеңдік. Финалдық ойындарда қайсарлық көрсеткен командама рахмет айтқым келеді. Жан-жақты қолдау көрсеткен клуб басшылығына ризашылығым шексіз. Жасөспірімдер арасында өтетін чемпиондары лигасына жолдама алғанымызға қуаныштымын. 
 

Еркебұлан Жомарт

Бөлісу: