Медицина
1 мин оқу 730

Семейде мүмкіндігі шектеулі жандар көрме ұйымдастырды

<p>Мүгедектер күніне арнал&shy;ған қайырымдылық ай&shy;лы&shy;ғы ая&shy;сында Семейдегі &laquo;Жар&shy;қын бо&shy;лашақ&raquo; түзеу және оңал&shy;ту орталығының тәрбие&shy;ле&shy;ну&shy;ші&shy;лері Невзоровтар отба&shy;сы атын&shy;дағы мұражайда өз&shy;дері сал&shy;ған суреттер көр&shy;месін ұй&shy;ым&shy;&shy;&shy;дастырды.</p>

Семейде мүмкіндігі шектеулі жандар көрме ұйымдастырды

Көр­меде тәр­би­еленушілердің фото­су­рет­те­рі, сондай-ақ гуашь тех­ни­ка­сында орындалған шы­ғар­­ма­шылық жұмыстары қой­ыл­ған. Осындай қызықты жә­не үлкен қажырлықты талап ете­тін ғажайып өнерді ба­ла­лар­ға эстетикалық тәрбие бе­ру сек­торының меңгерушісі На­та­лия Белякина жалықпай үйретіп келеді.

– Көрме көрсеткендей, жаңа шы­ғармашылық әдістемелерін пай­далану арқылы аутист бала­ның талантын ашуға мүмкіндік туып отыр, – дейді ол. – Бүгінде балалары­мыз шынайы және көп қыр­лы су­реттерді сала алады. Осы­лай­ша, өздерінің ішкі жан дү­ние­сінің бір қырын ашпақ.

Аутистік ауытқулары бар ба­лалар сұлулықты тама­ша бей­нелейді екен. Өйт­кені аути­ст балалардың тұй­ық бо­ла­тын­­дығы және айна­ла­сын­да­ғы­ларға өз ниетін жеткізе ал­май­тындығы ешкімге құпия емес. Соңдықтан осындай ба­ла­лардың қоршаған әлеммен қа­рым-қатынасын орнатуды су­рет саласындағы арнайы арт-әдіс­тердің көмегімен жүзеге асы­ру керек. Осы әдістерді ор­та­лық қызметкерлері жақсы мең­геріпті.

«Жарқын болашақ» орта­лы­ғы – Семей қаласындағы ау­тистік ауытқуы бар бала­лар­­­ға арналған арнайы маман­дан­­дырылған жалғыз мекеме. «Ере­кше әлем» балалар қоры­ның басшысы Арайлым Әлісжанова. Орта­лық 2015 жылдан бастап жұ­мыс жа­сайды. «Жарқын бо­лашақ» тү­зету және оңалту ор­та­лы­ғы­ның сабақтарына 20 шақ­ты тәрбиеленуші қатысады. Ор­талықта балаларға білім және қор­шаған орта және қоғам туралы түсініктер беріледі. Әр түрлі ойын­дар ойнау, маңызды ойлау жә­не шығармашылыққа жататын іскерлік пен икемділіктерін арттырады.

Раушан НҰҒМАНБЕК,
журналист

СЕМЕЙ

Бөлісу:
Семейде мүмкіндігі шектеулі жандар көрме ұйымдастырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар